Эксперименттік зерттеулерді автоматтандыру ақпараттық технологиялар (АТ) бөлімінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі
болып табылады. Бұл салада соңғы жылдары АЭИ алаңдарында бірнеше автоматтандырылған жүйе әзірленді және енгізілді. Техникалық құралдар ретінде шетелдік өндірушілер мен ТМД елдерінің фирмаларының микропроцессорлық техникасы негізіндегі өндірістік автоматизацияның жаңа құралдары пайдаланылады. Жүйелердің барлығы деректерді жергілікті есептеуіш желілер арқылы беруді пайдалана отырып бөлінген архитектураға негізделген.
Әзірленген бағдарламалық құралдар параметрлерді жинау және тіркеу жүргізуге, берілген
алгоритм бойынша дискретті басқару функцияларын орындауға, бірнеше алгоритмдер бойынша шекаралық мәндер талдауын жасауға және параметрлерді графиктер, кестелер, мнемосұлбалар мен гистограммалар түрінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Жүйенің базалық сипаттамалары мыналар болып табылады:
топтары үшін 5 мсекундтан кем уақытты құрауы мүмкін; АНГАРА стендінің ақпараттық-өлшеу жүйесі:
температураны өлшеу бойынша деректерді жинауға арналған MicroPC Octagon Systems стандартындағы микроконтроллер мен G5 GrayHill типті модульдер негізіндегі қосалқы кешен; Eagle стендінің ақпараттық-басқару жүйесі:
автоматика және оларды автоматты түрде басқару агрегаттарының күйін бақылау жүйесі;