Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы (ҚР ҰЯО) Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығымен бұрынғы Семей полигонының әсери-өнеркәсіп кешенінің, сондай-ақ Республика аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілердің негізінде құрылды.
Орталықтың қызметі Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 55 қаулысымен анықталған міндеттерге сәйкес атқарылады:
- Қазақстан аумағындағы ядролық қару сынақтарының салдарын жою;
- Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін ғылыми-техникалық, технологиялық және кадрлар базасын құру;
- бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау және оның ғылыми-техникалық әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесіне пайдалану;
- әлемнің қолданыстағы полигондарындағы ядролық қару сынақтарын бақылау.
Қазақстан Республикасының Үкіметімен қабылданған қаулылырдың бірқатарымен орталықтың ұйымдық құрылымы анықталды:
- Ядролық физика институты (Алматы қ., Курчатов қ., БҚО Аксай к.)
- Атом энергиясы институты (Курчатов қ.)
- Геофизикалық зерттеулер институты (Курчатов қ., Бурабай к., Алматы қ., Қаскелең, Ақтөбе, Мақаншы)
- Радиациялық қауіпсіздік және экология институты (Курчатов қ.)
- "Байкал" кәсіпорны (Курчатов қ.)
- Қазақ мемлекеттік жарылыс жұмыстарының ғылыми-өндірістік орталығы (Алматы қ.)